Шымкент қаласы,Абай ауданы ,Қатын көпір шағын ауданы ,Ы.Алтынсарин көшесі 4 Б орналасқан.
Балабақшада үш топ бар:
- “Балауса”-кіші топ
- “Ақ көгершін”-орта топ
- “Күншуақ”-ересек топ
- Балабақша ұжымы білікті педагогтардан, жоғары санатты тәрбиешілерден, аспазшылар және медбикелерден құралған. Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласында заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етілген. Балабақшада үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл бойы балаларға жеміс-жидектер және сүт өнімдері беріледі. Барлық ертеңгіліктер, іс-шаралар ата-аналардың қатысуымен өткізіледі. Біз ата-аналармен біргелікте балаларды Отан сүйгіштікке тәрбиелейміз.